Қазақстанның боксшылары Германияда да бақ сынасып жатыр
Әлем кубогының иегерлері 5 қарашада анықталады
Германияның Кёльн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр.
Биылғы Әлем кубогы осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан, Австрия, Австралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Украина, Дания мен Микронезияның былғары қолғап шеберлері қатысуда. Барлығы – 90 жігіт, 37 әйел.
Бұл додада бірнеше тәжірибелі боксшымен қатар, жастар да күш сынасып жатыр.
Қазақстан құрамасының тізімі:
Ерлер – Оразбек Асылқұлов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Армат Арманұлы (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Сабырғал Аманат (+92 кг);
Әйелдер – Анель Сақыш (54 кг), Балауса Мұздиман (54 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Айдана Забынбекова (60 кг), Наталья Богданова (66 кг), Надежда Рябец (66 кг);
Кубоктың иегерлері мен жүлдегерлері 5 қарашада анықталады.