Бастама кезең-кезеңімен жүзеге асырылады
Қазақстан Ұлттық банкі мен Visa, Mastercard және UnionPay ақша аудару жүйелерімен бірлесіп қолма-қол емес төлем мен банкаралық аударымдарға комиссияны азайтады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Шекті мөлшерлемелер төмендеген кезде кезең-кезеңімен төмендету тәсілі қолданылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең – 2025 жылы 1 қаңтарда басталады:
«Қолма-қол ақшасыз карталық төлемдер бойынша банкаралық комиссиялардың төмендеуі төлем индустриясының одан әрі дамуына оң ықпал етеді және банк комиссияларын төлеуге бизнес субъектілерінің шығындарын қысқартады. Бұл тәсіл қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі дамытып, «көлеңкелі экономиканың» азаюына оң әсерін тигізеді», – деп мәлімдеді Ұлттық банк.