Қазығұрт ауданына қарасты 2 ауылға шектеу шарасы енгізілмек
Ұсақ малдан бруцеллез табылды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы екі ауылда ұсақ малдан бруцеллез анықталып, елді мекендерде шектеу шаралары жарияланды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылдық округінде Қаржан елді мекені Ө.Тілеубаев көшесі, №1-17 үйлерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін, - деп көрсетілген аталған ауылдық округ әкімінің шешімінде.
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына қарасты Қызылата ауылында да шектеу жарияланды.
«Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Қызылата ауылы Ә.Дәулетұлы көшесіндегі №94, 95, 98, 101, 104, 106, 110, 111 үйлерінің аумағына мүйізді ұсақ малдардан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген ашық талқыға шағарылған ауылдық округ басшысының шешімінде.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында 26 адамнан бруцеллез анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.