×

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында 4 жұмысшы көз жұмды

Төтенше жағдай 3 қараша түнгі сағат үш кезінде болған

 Халық үні 03.11.2022 | 09:13
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысының  Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратты растады.

«Қолда бар алдын ала ақпарат бойынша 3 қарашада шамамен түнгі сағат үште Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газдың шығуы салдарынан 4 жұмысшы қайтыс болды», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.

Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4 адам ауруханаға жатқызылды.

106 қызметкер оқиға орнынан эвакуацияланды.

Министрліктің хабарлауынша, аварияның мән-жайын анықтау үшін тергеу жөніндегі комиссия құрылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама