Балуандар алғаш рет Ибраһим Мұстафа турниріне қатысады
Грек-рим күресінен жарыс 12-13 қарашада Египеттің Александрия қаласында болады
12-13 қарашада Египеттің Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIII халықаралық турнир өтеді.
Осы турнирге Қазақстаннан тек грек-рим күресінің шеберлері аттанады. Олардың арасында тәжірибелі бозкілем шеберлерімен қатар, бірқатар жас спортшы бар.
Құрама тізімі: Марлан Мұқашев (55 кг), Ернұр Фидахметов, Ернар Фидахметов (60 кг), Ғалым Қабдунасаров (63 кг), Дастан Зарлыханов, Мұхамедәлі Мамырбек (63 кг), Дінмұхамед Қошқар, Сұлтан Әсетұлы, Данияр Қаленов (67 кг), Ерасыл Нұрбосынов (72 кг), Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Ибрагим Магомедов (77 кг), Жаңтас Нұрғали мен Бақдәулет Азамат (87 кг), Юсуф Мациев (97 кг), Антон Савенко мен Мансұр Шадукаев (130 кг);
Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы – Серік Жұмашев, аға бапкер – Григорий Камышенко.
Былтыр бұл турнир Шарм-эль-Шейх қаласында болған еді. Оған 13 елдің балуандары қатысты.