ҰҚК Астанаға ірі көлемде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Динара Амантай

Гашиш пен марихуана оңтүстік өңірден тасымалданды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көп кезеңді арнайы операцияны іске асыру барысында қарасора тобына жататын есірткі заттарын елордаға жеткізудің тұрақты арнасын жойды. Бұл туралы ведомство өкілдерінің баспасөз қызметі хабарлады.

29 қазанда полиция департаменті бөлімшелерінің қатысуымен есірткі тасымалдаушысы ұсталып, оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1,5 келі марихуана алынды.

Есірткілердің жалпы салмағы 32 келі гашиш пен 1,5 келі марихуананы құрады.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.