Олжас Бектенов бұған дейін агенттік төрағасының бірінші орынбасары болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты. Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Бектенов Антикор басшысы болып тағайындалды.
Олжас Бектенов бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін Антикор басшысы болған Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалып, орнын босатты.
Олжас Абайұлы 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.
2002-2005 жылдары Алматы қаласы әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2006-2009 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде жұмыс жасады.
2009-2012 жылдары Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2019 жылдың маусымынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.