Halyq Uni логотип
×

Эстетикалық гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Марапаттау рәсімінде еліміздің әнұраны бес рет шырқалды

 Дастан Жұмабекұлы 02.11.2022 | 14:52
Эстетикалық гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
фото: facebook.com

Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында эстетикалық гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды.

Марапаттау рәсімінде еліміздің әнұраны бес рет шырқалды. Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында елімізден екі командадан болды. Чемпионатта 6 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

16 жастан асқан қыздар арасында «Кармелита» (Шымкент) командасы чемпион атанды. Оның құрамында Елизавета Шарая, Сәбина Елубаева, Аида Жақсыбек, Элина Кан, Сагдана Пайзханова, Саида Патшахан мен Сәния Тұрдыбай өнер көрсетті. Күміс жүлдені құрамында Томирис Нұрқасымова, Адель Омарова, Анна Клишина, Элика Мельниченко, Самира Смақова, Алёна Клишина мен Елизавета Булатова бар Алматының «Кербез» командасы иеленді.

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Астананың «Самұрық» командасы алтынды жүлдені алды. Оның құрамында жарысқа Медина Әбдібаева, Іңкәр Байронова, Ақбота Тоқанова, Валерия Лукьянова, Микаэлла Ошағанова, Айзара Әбілдинова, Адина Исабекова, Аружан Шамшина, Дарина Ақшолақова, Амина Тастанбек пен Анар Мұхамедғалиева қатысты. Күміс жүлдеге Алматының «Sunrise» командасы ие болды. Команданың сапында Әмина Бейғанова, Томирис Болат, Алтынай Нүркенқызы, Амиля Құнанбаева, Әнел Нұрсұлтан, Айлин Мақсұтова, Аделия Тұрсынқожа бақ сынасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама