×

Тұрғымбаев Президент кеңесшісі болды, Ахметжанов Ішкі істер министрі қызметіне келді

Тиісті құжаттар жария болды

 Халық үні 25.02.2022 | 13:05
коллаж: Halyq Uni

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі лауазымынан босатылып, Президент кеңесшісі болып тағайындалды. Ал Ішкі істер министрі қызметіне Марат Ахметжанов келді. 

Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылсын, – дейді Ақорда.

ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ

1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Жоғары заңгерлік әрі жоғары экономикалық білімі, «заң ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі бар (2004 ж.).

І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, І дәрежелі «Қайсар» белгісі, «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, мерейтойлық әрі ведомстволық медальдармен награтталған.

Полиция генерал-лейтенанты, Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

  • Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастаған.
  • 1986 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Алатау және Калинин АІІБ-нің жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазым атқарған.
  • 2000 жылдан бастап – ІІМ Тоғызыншы департаменті әрі Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
  • 2003 жылғы сәуірден бастап – ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2006 жылғы мамырдан бастап – ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.
  • 2006 жылғы шілдеден бастап – ІІМ Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2012 жылғы желтоқсаннан бастап – Ішкі істер министрінің орынбасары.
  • 2019 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Ішкі істер министрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама