Ақтөбе облысында жүк көлігі мен джип соқтығысты
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Ақтөбе облысында көлік апаты болып, 1 адам қаза тапты деп хабарлады Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 1 қарашада болған. Ақтөбе – Астрахань автожолында Mitsubishi Montero Sport-тың 58 жастағы жүргізушісі жолдың жиегінде тұрған DAF XF95430 жүк көлігіне соғылған. Салдарынан джиптегі 56 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды, Ал Mitsubishi Montero Sport жүргізушісі Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізішушілерді жолда сақ болуға шақырады.