Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды

Халық үні

Ол Президент көмекшісі болып тағайындалды

фото: ашық дереккөзден

Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылып, Президент көмекшісі болып тағайындалды.

Әсет Өрентайұлы Исекешев Президент көмекшісі болып тағайындалсын, ол Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын, – дейді Ақорда.

Ал Ғизат Нұрдәулетов Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Бас прокуроры лауазымынан босатылды.

ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ

1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1989 жылы Орал қаласындағы №5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін «слесарь-жинаушысы» мамандығы бойынша бітірген. 

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 

1998 жылы Президент жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін аяқтаған.

Еңбек жолы:

1989 жылы – «Омега» Орал аспап жасау зауыты радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы. 

1995-1997 жж. – прокуратура органдарында жұмыс істеді. 

1998-1999 жж. – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы. 

1999-2000 жж. – Әділет министрлігі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры. 

2000-2002 жж. – жеке секторда қызмет істеді. 

2002 жылғы қарашадан бастап – Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің кеңесшісі. 

2003 жылғы маусымнан бастап – Индустрия және сауда вице-министрі.  

2006 жылғы мамырдан бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2007-2008 жж. – жеке секторда жұмыс істеді. 

2008 жылғы ақпаннан бастап – Президент көмекшісі. 

2009 жылғы мамырдан бастап – Индустрия және сауда министрі.

2010 жылғы наурыздан бастап – премьер-министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 

2012 жылғы қаңтардан – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылғы қыркүйектен – премьер-министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 

2014 жылғы тамыздан 2016 жылғы маусымына дейін – Инвестициялар және даму министрі.

2015 жылғы ақпаннан бастап – инвестициялық омбудсмен. 

2016 жылғы 21 маусымнан бастап – Астана қаласының әкімі. 

2018 жылғы 10 қыркүйек пен 2019 жылғы 24 наурыз аралығында – Президент әкімшілігінің басшысы. 

2019 жылғы 25 наурыздан 2020 жылғы 16 қаңтары аралығында – тұңғыш президент қорының атқарушы директоры. 

2020 жылғы 16 қаңтарда Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.