Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды
Ол Президент көмекшісі болып тағайындалды
Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылып, Президент көмекшісі болып тағайындалды.
Әсет Өрентайұлы Исекешев Президент көмекшісі болып тағайындалсын, ол Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын, – дейді Ақорда.
Ал Ғизат Нұрдәулетов Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Бас прокуроры лауазымынан босатылды.
ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ
1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Орал қаласындағы №5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін «слесарь-жинаушысы» мамандығы бойынша бітірген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған.
1998 жылы Президент жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін аяқтаған.
Еңбек жолы:
1989 жылы – «Омега» Орал аспап жасау зауыты радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы.
1995-1997 жж. – прокуратура органдарында жұмыс істеді.
1998-1999 жж. – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы.
1999-2000 жж. – Әділет министрлігі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.
2000-2002 жж. – жеке секторда қызмет істеді.
2002 жылғы қарашадан бастап – Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2003 жылғы маусымнан бастап – Индустрия және сауда вице-министрі.
2006 жылғы мамырдан бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2007-2008 жж. – жеке секторда жұмыс істеді.
2008 жылғы ақпаннан бастап – Президент көмекшісі.
2009 жылғы мамырдан бастап – Индустрия және сауда министрі.
2010 жылғы наурыздан бастап – премьер-министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылғы қаңтардан – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылғы қыркүйектен – премьер-министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2014 жылғы тамыздан 2016 жылғы маусымына дейін – Инвестициялар және даму министрі.
2015 жылғы ақпаннан бастап – инвестициялық омбудсмен.
2016 жылғы 21 маусымнан бастап – Астана қаласының әкімі.
2018 жылғы 10 қыркүйек пен 2019 жылғы 24 наурыз аралығында – Президент әкімшілігінің басшысы.
2019 жылғы 25 наурыздан 2020 жылғы 16 қаңтары аралығында – тұңғыш президент қорының атқарушы директоры.
2020 жылғы 16 қаңтарда Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.