Соталды тергеу басталды
Ақмола облысында жұмысшы қайтыс болды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, 27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалып, Ақмол ауылындағы кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі әріптесін абайсызда техника шөмішімен жарақаттап алғанын хабарлаған. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Осыған байланысты полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша соталды тергеуді бастады.