×

Әлемдік ғылыми лекциялардың аптасы басталды

Нобель фестивалінің мақсаты – білімді бүкіл адамға қол жетімді жасау

 Халық үні 01.11.2022 | 15:19
фото: ашық дереккөз

Нобель лекцияларының аптасы 2022 жылы 31 қазаннан 4 қарашаға дейін эксклюзивті түрде https://nobel-fest.org/ сайтында онлайн өтеді. Нобель сыйлығының лауреаттары және ең беделді әлемдік сыйлықтардың иегерлері осы тақырыптар бойынша сөз сөйлейді:

•         Қатерлі ісік жасушалары қалайша пайда болады?;

•         Психологиялық күйзелістің өмірімізге әсері;

•         Демократия болашақта сақталады ма?;

•         Адам миының нормада және ауру кезіндегі зерттеулері жайлы;

•         Қазіргі жасанды интеллект пен нейрондық торлар жайлы;

•         Стратегиялық саясаттың негіздері – коммерцияландыруға апаратын зерттеулер;

•         Кристалдық құрылымның болжауы: жаңадан ашылған қосылыстардан бөлме ішіндегі асқын өткізгіштікке дейін;

•         Ми – машиналық интеллект: Механика үстіндегі ақыл-ой;

•         Алгебралық көпбейнесінің симметриясы.

Спикерлердің ішінде:

Лекциялар Nobel Fest-тің бас серіктестері – М. Ауезов атындағы Оңтүстікқазақстандық университетінде және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ұйымдастырылады.

Әлемдік ғалымдар мен жаңашылдардың лекцияларын тыңдау үшін мына сілтемені басыңыз: https://nobel-fest.org/

Еске сала кетсек, қазанның 26-сы мен 28-і аралығында Астана қаласында V Мерейтойлық Нобель фестивалі өтті. Бұл – ең үлкен халықаралық бейкоммерциялық технологиялық және ғылым-білім іс-шарасы.

Нобель фестивалінің мақсаты – білімді бүкіл адамға қол жетімді жасау. Масштабтық іс-шара офлайн және гибридті форматта өтті.

Осы фестивальға қатысу үшін Астанаға 2007 жылғы бейбітшілік Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ басты хатшысының климат өзгерісі жайлы меселелер ақылшысы Рае Квон Чунг, 2021 жылғы Әлемдік ұстаз сыйлығының иегері Кейша Торп, басты футуролог және SAP Future Hub бастығы Мартин Везовски, «Азиядағы Принстон» бағдарламасының басты директоры Мэгс Диллон және Ислам әріптестік ұйымы COMSTECH комитетінің басты үйлестірушісі Доктор Икбал Чоудхари келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама