×

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде бірқатар ауыс-түйіс жасалды

Олег Смоляков қызметінен босатылды

 Ербол Тұрымбет 25.02.2022 | 10:43
Алматыдағы несие рақымшылығын талап етушілер, 9 желтоқсан, 2021 жыл

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Әбдірахманов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ал, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына Олжас Қизатов тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Олег Смоляков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың қаңтарында құрылды.

Агенттік қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен қаржы нарығының дамуына ықпал ететін, мемлекеттік реттеуді, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін өзге тұлғаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттерінің мұрагері ретінде белгіленді және бірқатар функциялар мен өкілеттіктерді өзіне алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Елена Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады

Барымды салсам, кез келген қарсыласты жеңе аламын, дейді ол
27.05.2023 | 22:42

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54