Тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді – министр
Елде жаңа балабақшаларды ашу жұмысы жалғасады
Қазақстанда тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, балабақшалардың қолжетімділігі мен сапасына баса мән беріледі.
2-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады. Мемлекеттік тапсырысты жеке меншік балабақшаларға беруді әрі қарай жалғастырамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақылары көбейтіледі. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылады, - деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді шаралар қарастырылатынын атап өтті.