Halyq Uni логотип
×

Бокс: Қазақстан Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды

Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) жарысты финалдан бастайды

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2022 | 09:50
Бокс: Қазақстан Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды
фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды.

Биылғы Азия чемпионатын Қазақстанның әйелдер құрама командасының сапындағы Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалдан бастайды. Сондықтан олар қазірдің өзінде қола жүлдені иеленіп отыр.

Олардан басқа, Азия чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг, Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Дариға Шәкімова (70 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) қорғайды. 

1/8 айналым 

50 кг. Назым Қызайбай – Раксат Чутамат (Таиланд)

Ширек финал

48 кг. Алуа Балқыбекова – Йодвари Ципсатча (Таиланд)/Шин Пор Алти (Филиппин)

52 кг. Жазира Орақбаева – Чавон Ким (Оңтүстік Корея)

54 кг. Жайна Шекербекова – Хана Нарита (Жапония)

57 кг. Карина Ибрагимова - Им Аежи (Оңтүстік Корея)

60 кг. Римма Волосенко - Номин-Эрден Тугсжаргал (Моңғолия)

63 кг. Аида Әбікеева – Маи Кито (Жапония)

70 кг. Дариға Шәкімова – Пужа (Үндістан)

75 кг. Валентина Хальзова – Ловлина Боргоян (Үндістан)

Жартылай финал

66 кг. Мадина Нұршаева – Чой Хонгу (Оңтүстік Корея)

81 кг. Гүлсая Ержан – Ти Хонг Нгуен (Вьетнам)

+81 кг. Ләззат Күнгейбаева – Альфия Тараннум Акрам (Үндістан)

Бокстан XXXII Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Ерлер 13 салмақта, əйелдер 12 салмақта шаршы алаңға шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама