Ресейде ішінара мобилизация аяқталды
РФ Қарулы күштері запастағы 300 мың азаматты әскер қатарына шақыруды жоспарлаған
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі запастағы азаматтарды әскери қызметке шақыратын ішінара мобилизация шеңберіндегі барлық іс-шаралар тоқтатылғанын мәлімдеді.
РИА Новости мәліметінше, осы мақсатта пайдаланылған кісі жинау пункттері өздерінің қалыпты жұмыстарына оралады.
Запастағы азаматтарды әскерге шақыру бойынша жұмыс істеген әскери комиссариаттардың жеке құрамы бұрынғы қызметіне оралатыны да айтылады.
РФ президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте ішінара мобилизация науқанын жариялады. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, бұл шара Украинадан босатылған территорияларды бақылау үшін қажет.
РФ Қарулы Күштері запастағы 300 мың азаматты әскер қатарына шақыруды жоспарлаған болатын.