Әкім өз кабинетінде өз қолымен ештеңе істемейтін көрінеді
Осылай деген қала басшысының қызметтік кабинетінде асхана мен душқа дейін бар екен, деп хабарлайды exk.kz.
Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов жұмыс орнын журналист Асхат Ниязовқа көрсеткен. Басшының кабинеті бірнеше бөлмеден тұрады екен.
Нақты айтқанда, онда жұмыс бөлмесі, асхана, жуынатын орын да қарастырылған. Дегенмен, әкім өз кабинетінде өз қолымен ештеңе істемейтін көрінеді. Себебі журналистің «Шәйден кейін қалған лас ыдысты кім жуады?» деген сұрағына әкім ол қарамағындағы мамандардың қызметі екенін айтты.
Мен өз үйімде де ыдыс жумаймын. Жуғыңыз келсе, өзіңіз жуа беріңіз, — деді Әмірхан Асанов.
Бейнежазба соңында әкім осы қызметіне 1,5 жыл бұрын ғана келгенін, қаладағы проблемалардың себебін анықтауға тырыспағанын айтыпты.