Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады
Оған себеп – жігіттердің бірі мен оның сүйіктісінің арасындағы ұрыс
Қазнетте Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында болған жаппай төбелестің видеосы тарады.
Бұл жайтқа қалалық полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасы.
Белгілі болғандай, төбелес 30 қазан күні таңғы 9.00 шамасында алдын ала мәлімет бойынша бір-бірін танитын жастар арасында болған.
Оған себеп – жігіттердің бірі мен оның сүйіктісінің арасындағы ұрыс. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу органдары заңды бағасын беретін болады, - дейді полиция өкілдері.