Турнир 4-6 қараша күндері Әзербайжанның астанасы Баку қаласында болады
4-6 қараша аралығында Әзербайжанның астанасы Баку қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға» кезеңі өтеді. Кезекті татами төріндегі бәсекеде 63 елдің 400-ге жуық спортшысы күш сынасады. Оған Қазақстан командасы мына құрамда қатысады:
Ерлер – Бауыржан Нарбаев (-60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Данияр Шамшаев (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғынәлиев (+100 кг);
Әйелдер – Самалай Ерғалиева (-63 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Назерке Тілеуханова (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг);
Мұнда ерлер арасында ең көп спортшы 73 келіге дейінгі (39 адам), әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта (34 адам) тіркелген. Бұдан кейінгі кезең 3-4 желтоқсанда Жапонияның астанасы Токио қаласында болады.