Halyq Uni логотип
×

«Үлкен дулыға» турниріне қатысатын дзюдошылардың тізімі жарияланды

Турнир 4-6 қараша күндері Әзербайжанның астанасы Баку қаласында болады

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2022 | 18:07
«Үлкен дулыға» турниріне қатысатын дзюдошылардың тізімі жарияланды
фото: olympic.kz

4-6 қараша аралығында Әзербайжанның астанасы Баку қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға» кезеңі өтеді. Кезекті татами төріндегі бәсекеде 63 елдің 400-ге жуық спортшысы күш сынасады. Оған Қазақстан командасы мына құрамда қатысады:

Ерлер – Бауыржан Нарбаев (-60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Данияр Шамшаев (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғынәлиев (+100 кг);

Әйелдер – Самалай Ерғалиева (-63 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Назерке Тілеуханова (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг);

Мұнда ерлер арасында ең көп спортшы 73 келіге дейінгі (39 адам), әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта (34 адам) тіркелген. Бұдан кейінгі кезең 3-4 желтоқсанда Жапонияның астанасы Токио қаласында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама