Алексей Цой бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды
Ол түрлі басшылық қызметті атқарған
Президент іс басқармасы медициналық орталығынының басшысы қызметін Алексей Цой атқарады деп хабарлады Halyq Uni.
Бүгін Президент іс басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой Президент іс басқармасы медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды.
Сондай-ақ Президент іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының директоры болып Рустам Албаев тағайындалды», - деп жазылған Президент іс басқармасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Алексей Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының және медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы.
Бұған дейін ол дәрігер-эндоскопист, «Еуроазиялық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, Президент іс басқармасы медициналық орталығының басшысы, Астана қаласы әкімдігінің «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.
2021 жылдың желтоқсанында Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Содан кейін желіде жазба жариялап, денсаулық сақтау саласын ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы дамытуды қолға алғанын хабарлады.