Астана – Санкт-Петербург әуе рейсі ашылды

Дәурен Ерболат

Әуе рейсі аптасына 2 рет қатынайды

Фото: Informburo.kz

30 қазаннан бастап Астана – Санкт-Петербург бағыты бойынша жаңа әуе рейстері ашылды деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Әуе рейсі жұма және жексенбі күндері аптасына 2 рет қатынайды. Жолаушыларды SCAT әуекомпаниясы тасымалдайды.

Екі қала арасындағы апта сайынғы рейс саны – 3.

Айта кетейік, бұл – SCAT әуе компаниясының Пулково әуежайынан Қазақстанға екінші бағыты.

Биыл маусымда тасымалдаушы Санкт-Петербургтен Ақтауға рейс ашқан еді.