Halyq Uni логотип
×

Нью-Йорк соты Мұхтар Әбілязовті айыппұл төлеуге міндеттеді

Ол АҚШ-та ұрланған ақшаны жылыстатқан деп айыпталып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 31.10.2022 | 16:03
Нью-Йорк соты Мұхтар Әбілязовті айыппұл төлеуге міндеттеді
фото: ашық дереккөз

Қазақстаннан қашып кеткен миллиардер Мұхтар Әбілязов Алматы мен БТА банкіндегі заң бұзушылыққа байланысты шығындарын өтеу үшін 140 мың доллар өтемақы тағайындаған бір жыл бұрынғы соттың шешімін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы қазақстандық қаржы институтының сайтында жазылды.

Сот үкімін құрметтемеу туралы шешім 2022 жылдың 19 тамызында АҚШ судьясы Кэтрин Паркер шығарған үкімнен кейін шығарылған.

Атап айтқанда, сот Әбілязовке қарсы санкциялар туралы шешім шығарған. Сонымен қатар, оның сот бұйрығын орындамағаны туралы дәлелдеуді ол іс жүзінде мойындады.

Ақыры сот Әбілязовтің талапкерлерді оған қарсы талап арыз бергені үшін айыптау әрекетін «негізсіз» деп тауып, бұл дәлел «осы іс бойынша оның жария ету жөніндегі міндеттемелерін ашық ескермеуді ақтамайды және оның сот тапсырмаларын орындауына қатысы жоқ» деп шешті. Осыған байланысты судья Паркер Әбілязовті сотты құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартуды ұсынды, - делінген мәлімдемеде.

Осылайша, ол сотты құрметтемегені үшін 1 мың доллар айыппұл төлеуге міндеттелді.

Алматы мен БТА банкінің атынан Нью-Йорктегі сот процесі 6 жылдан аса уақыт бұрын басталған. Содан бері Мұхтар Әбілязов АҚШ-та ұрланған ақшаны жылыстатқан деп айыпталып жатыр.

Дүние жүзіндегі соттар анықтағандай, экс-банкир жалған несие беру арқылы БТА банктен миллиардтаған доллар ұрлаған. Осы әрекеттері үшін ол Қазақстанда және Ұлыбритания соттарында сотталып, үкім шығарылды.

Келесі сот биыл 28 қарашада Нью-Йоркте АҚШ-тың қазылар алқасының алдында өтеді деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама