Түнгі клубтағы екі жігіттің өлімі: 13 күдікті ұсталды
Қаладағы барлық көңіл көтеру орындары тексеріледі
Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды деп хабарлады Polisia.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 қазанда қаладағы түнгі клубтардың бірінде әлдебіреулер 2 адамды өлтіріп кеткен.
Бүгінде полицейлер қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрі ұсталып, соттың қаулысымен қамауға алынды.
Қылмыс жасады деген күдікпен барлығы 13 адам ұсталды. Олардың басқа қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сондай-ақ мекемеде қылмыстың жасалғанын айтпағаны және уақытында медициналық көмек көрсетпегені үшін түнгі клубтың директоры ұсталды, - деп жазылған хабарламада.
Енді сотқа клуб лицензиясының күшін жою және оны жабу туралы талап енгізіледі. Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында алдағы уақытта полиция департаментінің бастамасымен қаладағы барлық көңіл көтеру орнында қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріледі.