×

Қостанай облысында 7 млн теңгенің ішімдігін заңсыз өндірген цех анықталды

6 мыңнан аса бөтелке тәркіленді

 Дәурен Ерболат 31.10.2022 | 13:07
Фото: segodnya.ua

Қостанай облысында алкогол өнімдерін заңсыз өндірген цех анықталды деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 7 млн теңгеден аса сомаға алкоголь өнімдерін өндірген жасырын цехтың қызметін анықтады.

Тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан аса бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және тағы басқа заттар анықталып, тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама