×

Қазақстан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Отандастарымызға санаулы секундттар жетпей қалды 

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2022 | 09:34
фото: ашық дереккөз

Еліміздің шорт-тректен ерлер құрама командасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде эстафетада екінші орын алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

«А» тобының финалында Қазақстанмен бірге Италия, Оңтүстік Корея мен Канаданың спортшылары күш сынасты. Бұл квартетте мәре сызығын Оңтүстік Корея бірінші болып қиды (7:01.850). Ал отандастарымыз 7:07.972 нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Қола медаль Канадаға бұйырды.

Кеше жартылай финалдағы алғашқы топта Қазақстан, Канада, Қытай мен Жапония құрамасы 5 шақырымға жарысқан болатын. Осы сында мәреге бірінші болып 7 минут 9 секундтта алаң иелері жетті. Құрамында Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша бар ұлттық құрама олардан 2 секундқа қалып қойды.

Енді Әлем кубогының келесі кезеңі 4-6 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама