Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында Өзбекстан азаматы түнде 105 бас малды ұрлап кетті

Щаруа қожалықта малшы болып жұмыс істеген Өзбекстан азаматы күдікті ретінде  ұсталды

 Халық үні 31.10.2022 | 07:47
Алматы облысында Өзбекстан азаматы түнде 105 бас малды ұрлап кетті
ашық дереккөзден

Алматы облысында 105 бас малды ұрлаған күдікті ұсталды. Ол 78 бас малды сатып үлгерген. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады

«25 қазанда Жамбыл ауданы полициясының кезекші бөліміне Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны арызданып, 22 қазан күні түнде жайылымнан 105 бас қойы ұрланғанын айтты.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған шаруа қожалықта малшы болып жұмыс істеген Өзбекстан азаматы күдікті ретінде  ұсталды. Күдікті сеніп тапсырылған 80 бас малды жүк көліктерін жалдап, көршілес Жамбыл облысының Шу қаласындағы мал базарында 78 басын 3 276 000 теңгеге саудалағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұрланған 25 бас қой табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат бұлтартпас дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады»,- деді Жамбыл аудандық ПБ бастығы Асхат Данияр.

Табылған мал заңды иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама