Оралда қайғылы жағдай болды
Алған жарақаттары салдарынан жас жігіт оқиға орнында қаза тапты
Орал қаласында жол апатынан жас жігіт көз жұмды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 30 қазанда «Саяхат» аялдамасы тұсында болды.
«Жедел жәрдем түнгі сағат 02.34-те шақыртылды. Алған жарақаттары салдарынан жас жігіт оқиға орнында қаза тапты. 1977 жылы туған әйел бас пен мидың жабық жарақатын алған, миы шайқалған. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ведомство.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы болғанын растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.