Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкері қаза тапты
ҰҚК қызметкерінің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз
Жамбыл облысы Полиция департаменті ҰҚК қызметкерінің қаза болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтты.
«Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы Ұлттық қауіпсіздік комитетінiң Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерi Айтбаев Асқар Күмiсханұлының мезгілсiз қаза болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Оның өңірдегі құқықтық тәртіпті, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше бағалаймыз. Қызметтегі адалдығы әріптестерiне үлгі, жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталатын болады», – делінген хабарламада.
Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД қызметкері Асқар Айтбаев Таразда 28 қазанда, өткен жұма күні қайтыс болды.
ҰҚК қызметкерінің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Расталмаған деректер бойынша ол Таразда тепловоздың астына түсіп қаза тапқан.