Halyq Uni логотип
×

«Тыңда...!»: Бозымбаев дөрекі сөзі үшін өкінбейтінін айтты

Алматы облысының әкімі Қаңтар оқиғасы туралы баяндады

 Думан Қырықбаев 24.02.2022 | 16:49
«Тыңда...!»: Бозымбаев дөрекі сөзі үшін өкінбейтінін айтты
Қанат Бозымбаев, фото: sputnik.kz

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қаңтар оқиғасы кезінде көпшіліктің ортасында тұрып айтқан балағат сөзін кімдерге қаратып айтқанын түсіндірді.

«Мен наразылық білдірушілердің арасында бір жарым сағат тұрдым. Митингте халық өз талаптарын айтты. Бірнеше адам халықтың ортасына іріткі сала бастады. Сол кезде эмоцияға беріліп кеттім, бір минуттан кейін микрофонды алып, айтылған сөздер үшін халықтан кешірім сұрадым. Шынымды айтсам, мен де сол күні өте көп жаман сөздер естідім. Бұл үшін өкінбеймін», - деді өңір басшысы.

Аймақ басшысы 5 қаңтарда жағдай ушығып, 500-ге жуық адам әкімшілік ғимаратын өртегеніне тоқталды.

«Мен облыстың әр аудан, қала әкімдерімен сөйлестім. ҰҚК департаменті басшылығымен бірлесіп, жедел түрде арнайы штаб құрдық, оның құрамына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан және басқа да бөлімдер кірді. Мен Ішкі істер министрлігімен келіссөз жүргізу үшін Нұр-Сұлтанға ұшып келдім, елордадан қосымша күш сұрадық. Өңірге арнайы жасақ келіп, лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды. Осы келісілген әрекеттердің нәтижесінде тәртіп орнады», - деді Қанат Бозымбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама