Halyq Uni логотип
×

NASA Күннің «күліп» тұратынын суретке түсіріп алған

Солардың салдарынан Жерде геомагниттік дауылдар болады

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2022 | 10:27
NASA Күннің «күліп» тұратынын суретке түсіріп алған
фото: ашық дереккөз

NASA-ның Solar Dynamics ғарыш обсерваториясы ғарышта түсірілген таңғажайып суреттерді бөлісті.

Суреттегі Күнді смайликке және асқабаққа ұқсататын қара дақтар – Күн желін ғарыш кеңістігіне шығаратын ойықтар екен. Солардың салдарынан Жерде геомагниттік дауылдар болатын көрінеді.

Бұл дақтар инфрақызыл сәуле, кейде мөлдір болып көрінетін салқын жұлдызаралық газ бен шаңнан тұрады... Уақыт өте келе миллиондаған жыл бойы жұлдыздардың қалай пайда болатынын және осы шаңды бұлттардан қалай шығатыны белгілі бола бастайды, - делінген NASA мәлімдемесінде.

Жалпы, бүгінде «Джеймс Уэбб» орбиталық телескопы «Жаратылыс бағандарының» жаңа фотосуреттерін жариялап келеді. Ал «Жаратылыс бағандары» дегеніміз – Жерден шамамен 7 мың жарық жылы қашықтықта орналасқан Бүркіт тұманындағы жұлдызаралық газ бен шаңның жинақтары.

Еске сала кетсек, алғашқы фотосурет 1995 жылы Хаббл ғарыш телескопы арқылы түсірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама