Маңғыстау облысында 19 жастағы қыздан 2 келі ескірткі табылды
Күдіктілер қылмысқа барғанын мойындаған
Маңғыстау облысында 19 және 21 жастағы қыз бен жігіттен 2 келі ескірткі табылды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
«Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 28 қазанда сағат 17.15 шамасында Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағының маңында 19 жастағы азаматша мен 21 жастағы азаматты ұстады. Жеке тінту барысында екеуінен де «мефедрон« және «жылдамдық« синтетикалық есірткі заттары бар 49 түйіншек табылды. Кейін пәтерді тінту кезінде полицейлер синтетикалық есірткінің 4 пакетін тапты. Тәркіленген есірткілердің жалпы салмағы 2 келіні құрайды», - делінген хабарламада.
Күдіктілер қылмысқа барғанын мойындаған. Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.