Кореяда Хэллоуин тойлаған 120 адам ажал құшты
Қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды
Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 120 адам қаза болып, тағы 100-ден астамы жарақат алды (осы уақыттағы мәлімет), деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды.
Ел президенті Юн Сок Ёль бірнеше мәрте шұғыл жиналыс өткізді. Ол зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ Итхэвонға жедел медициналық көмек мамандарын аттандыруды, шұғыл көмек көрсетілетін төсек-орындар дайындауды жүктеді.
Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған.
Айта кетейік, алғашында оқиға салдарынан 50 адамның зардап шеккені туралы ғана хабарланды. Кейін 2 адам қаза болып, 23-і жарақат алғаны айтылды. Одан әрі 59 адам көз жұмғаны және 150-ден астамы жарақаттанғаны жазылды.