Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды
Қазір оның қасында анасы мен консулдық қызметкерлері бар
Рауан Дарханұлы қазір Измирдегі полиция бөлімшелерінің біріне жеткізілген, деп хабарлайды exk.kz
Сүйінші хабарды Telegram-дағы арналардың бірі жеткізді. Измирдегі Докуз Эйлуль университеті студентінің аман-есен табылғанын Стамбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы хабарлапты. Консулдық өкілдері Измир аумағы әкімшілігі, полиция және еріктілермен бірлесіп іздеу жұмыстарын жүргізген екен. Бүгін жоғалған жігіт табылыпты. Қазір оның қасында анасы мен консулдық қызметкерлері бар.
Қазақстанның бас консулы Әлім Байелдің айтуынша, Түркияда соңғы кездері қазақстандық студенттерге қатысты түрлі жағдайлар көбейген. Олардың ішінде жанжалдасу, алаяқтық, адам жоғалу, медициналық және білім беру бағытындағы туризм саласындағы түрлі келеңсіздіктер кездеседі екен. ҚР СІМ шетелде жүрген азаматтарға мейлінше сақ болуға шақыруда.