Украинадағы ахуал: Херсон үшін шайқас жалғасып жатыр
Херсон қаласы қараша айының соңына дейін ресейліктерден азат етілуі мүмкін
Бүгін Ресейдің Қара теңіз флотының кемелеріне дрондармен жаппай шабуыл жасалды, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Севастопольдің Мәскеу тағайындаған әкімшілігі бұл оқиға үшін Украина армиясын кінәлады. Бірақ, Киев мойнына ешқандай жауапкершілік алған жоқ. Ал Украина әскери барлау қызметінің басшысы Кирилл Будановтың мәлімдеуінше, Херсон қаласы қараша айының соңына дейін ресейліктерден азат етілуі мүмкін.
Британ барлаушылары болса, ресейліктердің Херсоннан князь Потемкиннің сүйегін әкетуі олардың бұл аймақтан кету ниетін аңғартуы мүмкін деп мәлімдеді.
Өткен тәулікте Херсон үшін шайқаста тараптар бір-біріне минометпен, артиллериямен, зымырандармен соққы берді. Және қарулы қақтығыстар қазір Луганск және Донецк облыстарында да жалғасып жатыр.