Зардап шеккендер жоқ
Қорғаныс министрлігінің ғимаратынан өрт шықты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін әлеуметтік желіде Қорғаныс министрілігі ғимаратында өрт шыққаны туралы хабар тараған болатын. Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады.
Ғимаратта 10 шаршы метр аумақта кеңсе жиһазы өртенген. Сағат 13.42-де өрт сөндірілді, – деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша оттың шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болып отыр.