Halyq Uni логотип
×

Вашингтондағы қазақтар бас қосты: жиында Мұхтар Мағауин сөйледі

Мерекелік кеш АҚШ астанасында өткен

 Ербол Тұрымбет 29.10.2022 | 13:44
Вашингтондағы қазақтар бас қосты: жиында Мұхтар Мағауин сөйледі
Фото: facebook.com

Жазушы Мұхтар Мағауиннің АҚШ-та Республика күніне орай өткен мерекелік кешінде сөйлеген видеосы жарияланды. Желі қолданушысының жазуынша, шара еліміздің АҚШ-тағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Вашингтонда өткен.

Қазақ сияқты дүниеде тәуелсіздікті аңсаған халық кемде кем. Адам қапаста отырғысы келмейді. Еркіндікте болғысы келеді. Ал халықтардың жөні тіпті қиын, тіпті басқаша. Арғы заманнан бастарп, Алтын орда құлағаннан кейін, орыс жаулаушылығы Еуразияға жайылып келе жатқан кезден бастап қазақтар дүние қалай болады деп, өте қам жеген. Кейде мұндайда адамның көңілі толқиды. Бұдан отыз жыл бұрын, одан бері жүз жыл өткен сияқты, заман мүлде басқаша болатын. Адамдар да басқаша еді. Әркім аузын бағып сөйлейтін. Әдебиетші, тарихшы болғаннан кейін біраз түсінігім болды. Бірақ артық сөз айтпауға елдің алды болып үйрендік, – дейді жазушы.

Мерекелік кешке АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елші Ержан Ашықбаевтан бөлек, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин, дүниежүзілік композиторлар ассоциациясының мүшесі, әнші-композитор Марат Омаров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әсел Нұркеновалар қатысқан.

Сондай-ақ, Вашингтондағы кеште қазақ диаспорасы, шетелдік ғалымдар мен дипломаттар да бас қосқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама