Көлік инфрақұрылымы рейтингінде Қазақстан 73-орында
Рейтингте барлығы 141 ел бар
Азия даму банкі институты 2021 жылы Орталық Азияның үш еліндегі көлік инфрақұрылымының саудаға қалай әсер етенінін зерттеген. Соның қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстан және Тәжікстандағы көлік инфрақұрылымының 1% жақсаруы экспортты 9,15%-ға, импортты 5,12% жақсартатынын анықтаған деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Finprom.kz сарапшыларының жазуынша, теміржол мен әуе көлігі бойынша, оларды оңтайландыру 5,16% және 7,83% көбейтетінін дәлелдеген. Осылардың ішінде инфрақұрылым бойынша Қазақстан озық тұр.
Одан бөлек, Бүкіләлемдік банктің мәліметінше, жол сапасының 1% жақсаруы компаниялар мен жұмыс орындарының 0,3%–0,4% артуына әкелмек.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның дерегінше, соңғы онжылдықта жаһандық бәскелестік индексі бойынша көлік-логистика жөнінен Орталық Азия елдері жоғары бағадан әлдеқайда алыс тұр. Көлік инфрақұлылымы деңгейі рейтінгісі бойынша барлығы 141 елдің ішінде Қазақстан 2019 жылы тек 73-орында қалған. Тәжікстан 111, Қырғызстан – 129-орында.
ТМД елдері арасында осы айтылған тізімге кіргендердің ішінде Әзербайжан 31, Ресей 49-орында екен. Ал топ басында Сингапур, соңғы орында Йемен.