Halyq Uni логотип
×

Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Тергеу аясында психологиялық-лингвистикалық сараптама тағайындалған

 Халық үні 29.10.2022 | 08:50
Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: instagram.com/rrm777

Қазақ тіліне қатысты айтқан пікірі үшін басы дауға қалған Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық із қозғалды. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, ол 20 қазанда прокуратураға жолдаған арызына Алматы қалалық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасынан жауап алған.

«Алматы қаласы ДПБ-ның міндетін атқарушы Д.Е.Әбіқұловтың қол қойған хаты бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1-бөлігінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық араздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген журналистің хабарламасында.

Әбіқұловтың айтуынша, тергеу аясында психологиялық-лингвистикалық сараптама тағайындалған. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

«Бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделген: 2 мың-7 мың АЕК айыппұл, 2-7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру. Айыпты деп танылса, сот мән-жайды есекере отырып осы үшеуінің біреуін таңдайды», – делінген журналистің жазбасында.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама