Маңғыстауда үш баланың анасы бір айдан бері табылмай жатыр

Халық үні

27 жастағы Жәния Абдуллаеваның жоғалғаны туралы арызды ата-анасы жазған

фото: Lada.kz.

Бейнеуде бір ай бұрын жоғалып кеткен 3 баласы бар әйел табылмай жатыр.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«27 жастағы Жәния Абдуллаеваның жоғалғаны туралы арызды ата-анасы жазған. Оның үш баласы бар. Көрген-білгендер болса полицияға немесе 102 телефонына хабарласуын сұраймыз», - делінген хабарламада.

Жәния Абдуллаева 29 қыркүйек күні Бейнеу ауылындағы үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Туыстары оны Ақтауға кетіп қалуы  мүмкін деп топшылайды.