Күзгі каникул кезінде оқушылар 31 қазан мен 6 қараша аралығында 7 күн демалады
Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың күзгі демалысы неше күнге созылатынын хабарлады.
«Күзгі каникул кезінде оқушылар 31 қазан мен 6 қараша аралығында 7 күн демалады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, келесі жылдан бастап елімізде мектеп оқушыларының жазғы демалысы қысқартылады. Жазғы демалыс 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында болады.