URKER-2022 ұлттық бәйгесінде Ая Өміртай және Наима Нұрәлі жеңімпаз атанды
28 қазанда Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға 500-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 10 номинация және 3 арнайы сыйлық бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиасарапшылар енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.
52 үміткердің ішінен «URKER-2022» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:
Жылдың үздік сұхбаты:
Жылдың үздік репортажы:
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:
Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Халықаралық тақырыптағы үздік материал:
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Радиостанциядағы үздік жоба:
Жылдың үздік фотосуреті:
Үздік өңірлік БАҚ:
Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия:
Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия:
Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия:
Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER - 2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.
2017 жылдан бастап байқауға барлығы 3377 материал түсті, оның 300-і шорт-парағына енді. «URKER» ескерткіш мүсіншесінің иегерлері 80 адам үздік атанды.
«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» агенттігі» АҚ.