Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары басқа жаққа көшірілді
Instagram-да Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына зымыран құлағаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті әкімдік жағдайға қатысты пікір білдірді.
Жаңаарқа ауданының тұрғындары Орынбай ауылы маңындағы далаға құлаған зымыранның сынығын түсіріп алды. Тұрғындар кеменің сынығы адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады.
Осыған байланысты Жаңаарқа ауданының әкімдігі пікір білдіріп, құлаған зымыран «Прогресс МС-21» ғарыш кемесіне тиесілі екенін хабарлады.
Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, «Прогресс МС-21» ғарыш кемесі Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлаған. Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары басқа жаққа көшірілді. Ал Орынбай ауылының тұрғындары көшірілген жоқ.
Бұл ретте Ресейдің «Роскосмос» ғарыш компаниясының қызметкерлері зымыранның ұшқан күні мен уақытын алдын ала біліп, құлаған жерін анықтаған. Олар бұл жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш аппаратының сынығы алынып тасталды. Ол қауіп төндірмейді.