Орталық пен шығыста ауа температурасы түнде -5 -13 градусқа дейін барады
Қазгидромет мәліметінше, алдағы 3 күнде батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райына себеп болады.
Синоптиктердің болжамынша, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар күтіледі. Жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі. Батыста бұрқасын болуы мүмкін.
Батыста ауа температурасы түнде 2 градус аяздан +8 градусқа дейін +2 +11 градусқа дейін, күндіз жылы 3-12 градустан +7-17 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы түнде -13 +2 градустан -7 +3 градусқа дейін, күндіз -5 +8 градустан 0 +10 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ солтүстікте түнде -5-10 градус аяздан -7 +2 градусқа, күндіз -3 +2 градустан 0 +5 градусқа дейін күн жылынады.
Қазақстанның орталық бөлігінде ауа температурасы түнде -5 -13 градус аяздан -3 +5 градусқа дейін, күндіз -3 +8 градустан 0 +8 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Шығыста түнде -5 -13 аяздан -6 +3 градусқа дейін, күндіз -7 +2 градустан 0 +8 градусқа дейін күн жылиды.
Оңтүстік аймақтарда түнде -5 +8 градус, күндіз +10 +20 градустан +3 +15 градусқа дейін ауа температурасы құбылмалы болады. Ал оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -13 +5 градустан -8 +5 градусқа дейін көтерілсе, күндіз жылы температура 0 +12 градустан +2 +15 градусқа дейін құбылмалы болады.