×

Қазақстанға Украинадан 23 мың студент келгісі келеді

Олардың бәрі - Үндістан мен Пәкістанның азаматтары

 Дастан Жұмабекұлы 28.10.2022 | 14:24
фото: qazweek.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Украинаның 20 мыңнан аса студенті елімізге келіп оқығысы келетінін айтты. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Оның айтуынша, қазір Үндістан мен Пәкістанның 23 мың студенті Қазақстанға келуге ниет білдіріп отыр. Олар Украинадағы соғысқа байланысты медициналық университеттерінде оқуларын жалғастыра алмай жатыр. Осы мәселеге байланысты министр ведомствоның не істей алатынын ойластырып жатқанын айтты.

«Мұндай өтініштер ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен де түсіп жатыр. Ресейдегі медициналық университеттің профессорлары да Қазақстанда сабақ беруге ниет білдіріп отыр. Кейінгі жылдары Қазақстанда жаңа академиялық хабтар салынбаған. Сондықтан біз әуелі академиялық инфрақұрылым туралы ойлануымыз керек», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама