Енді оның қызметкерлерінің 75 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр
Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды. Осыған байланысты әлеуметтік медиа компанияның бұрынғы басшысы Параг Агравал мен қаржы директоры Нед Сегал Twitter-дің Нью-Йорктегі кеңсесінен кетті.
«Вашингтон пост» газетінің хабарлауынша, Илон Маск әйгілі компанияны өз иелігіне алғаннан кейін оның қызметкерлерінің 75 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, қазір Twitter компаниясында 7,5 мыңдай адам жұмыс істейді. Енді олардың саны 2 мыңға дейін азаюы мүмкін.