NCAlayer-ді басқа қандай технология алмастырады?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, қазір QR арқылы электронды қол қою тетігі әзірленген.
Жаңа тәсіл әзір, енді оны порталдарға енгізу ғана қалды. Министрлік қазір осы мақсатта NCALayer жүйесінен толық бас тартып жатыр.
Бұрынғы NCAlayer-ді басқа қандай технология алмастырады? Смартфондарға жаңа қосымша орнату керек пе? Авторизация мен цифрлық қол қою тәртібі қалай жүреді? Біз бұл мәселелерді министрліктен сұрап білдік.
Министрліктің хабарлауынша, QR қол қою тетігі – пайдаланушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәсілін едәуір жеңілдететін, одан әрі мобильді ететін жаңа қол қою әдісі. Ол азаматтарға үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін биометрия арқылы жеке басын сәйкестендіру тетігі барлық жерде енгізіліп жатыр. Бұл кей мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға бармай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Министрліктің ресми жауабы бойынша, осылайша Ұлттық куәландырушы орталығы электрондық цифрлық қолтаңбасының кілтін Digital ID технологиясымен биометриялық сәйкестендіру арқылы алуға болады. Бұрын ЭЦҚ кілттерін компьютерлерде және басқа қорғалған негізгі тасымалдағыштарда сақтайтын болса, енді Egov Mobile (жеке тұлғалар үшін) немесе eGov Mobile business (заңды тұлғалар үшін) қосымшаларын қолдану жеткілікті.
QR арқылы қол қоюдың жаңадан әзірленген тетіктеріне келсек, Egov Mobile және eGov Mobile business пайдаланушылары ЭЦҚ алып жатпайды. Өйткені, EGOV Mobile немесе eGov Mobile business қосымшасына пайдаланушы алғаш рет кірген кезде ЭЦҚ кілттері шығарылады және телефонға байланыстырылып, одан әрі пайдалануға жарай береді. QR-кодының нақты жарамдылық мерзімі шектелмеген. Өйткені QR белгілі бір ақпаратты сақтайды. Яғни, QR арқылы EGOV Mobile немесе eGov Mobile business қосымшалары қол қою керек құжатты жүктеп алады, делінген жауапта.
Оны былай пайдаланады:
1) Браузерде EGOV Mobile немесе eGov Mobile Business QR кодын сканерлеу;
2) Egov Mobile немесе eGov Mobile business-ке қол қоюға және ЭЦҚ кілтімен қол қоюға ұсынылған деректерді ПИН-кодты енгізу немесе биометриялық деректерді беру (саусақ ізін\торлы қабық\бетті тану) арқылы оқу. Бұл жағдайда QR-коды сканерленетін компьютерде NCALayer орнатудың қажеті жоқ.
Дегенмен, компьютер арқылы NCALayer көмегімен қол қою және авторизациялау механизмдері бұрынғысынша қолжетімді болып қалады.