×

Головкиннің кәсіби мансабын жалғастыруына қатысты болжам жасалды

Ол чемпионмен шаршы алаңға шығуы керек

 Дәурен Ерболат 28.10.2022 | 09:17
Фото: GGG/Twitter

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) мансабына қатысты болжам жасалды деп хабарлады Sports.kz.

World Boxing News мәліметінше, қазақстандық боксшы бразилиялық Эскива Фалькао және кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасып қана қоймай, жоғары салмақ дәрежесіне ауысуына немесе мансабын аяқтауға мүмкіндігі бар.

Шешімді Головкин қабылдайды. Қазақстандық панчер жоспарды орындай алады. Ол орта салмақтағы басқа чемпионмен кездесіп, 168 фунтқа көтеріледі немесе отставкаға кете алады. Бұл – бокстағы аты аңызға айналған боксшының мансабын жалғастырудың 4 нұсқасы, - деп жазды басылым.

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні хабарланған еді.

Биыл АҚШ-та қазақстандық боксшы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіліп қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама